"Астана-7" келіссөзіне Сирия әскери оппозициясы қатысады

866

"Астана-7" келіссөзіне Сирия әскери оппозициясы қатысады

Сирияның әскери оппозициясы Астанада Сирия мәселесіне арналған келіссөздердің жетінші кезеңіне алдыңғы раундтағы құраммен қатысады. Бұл туралы делегация мүшесі Фатех Хассун мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz. 

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Сириядағы шиеленістерді реттеу бойынша келіссөздің жетінші раунды Астана қаласында 30-31 қазан күндері өтетінін хабарлады.

"Біз шақыруды түріктер тарапынан алдық... үш күннен кейін біз Стамбулда келіссөз күнтәртібін білу үшін үйлестіру бойынша кездесу өткіземіз" деді Хассун.

Оның айтуынша, Астанадағы жетінші келіссөз жиынына алтыншы раунд отырысына қатысқан құрам қатысады. Делегацияға Сирия бостандық әскері бас штабы басшысы Ахмад Берри жетекшілік жасайды. Фатех Хассун Идлиб провинциясында деэскалацияның төртінші аумағының іске қосылуымен Сирия территориясы бойынша әуе соққыларын 60%-ға төмендеткенін, алайда бұл да жеткіліксіз екенін атап кетті.

"Жетінші раунда талқыланатын негізгі тақырып сотталушылар туралы болады. Алтыншы раундта бізге осы жөнінде уәде еткен",- дейді Хассун.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу